Ұстау операциясы биыл 10 қаңтарда Алматыда жүргізілген.
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда лаңкестік әрекеттер жасамақ болған бір топ күдіктіні ұстағаны туралы видео жариялады, деп жазады sn.kz.
Ұстау операциясы биыл 10 қаңтарда Алматыда жүргізілген екен. Күдіктілердің нақты қай ел азаматтары және қандай діни ағым ұстанатыны туралы айтылмаған.
«Қазақстанда теракт жасамақ болған шетел азаматтары – Орталық Азия елдерінің тумалары ұсталды», – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.