Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды (видео)

0
1 237

​Алматыда бақылау тобының өкілдері жасырын жағдайда өтіп жатқан той үстінен түсіп, мейрамхана иесіне хаттама толтырды.


Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды (видео)

ERNUR.KZ. Қала әкімдігінің жанындағы бақылау тобының өкілдері Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында өтіп жатқан той үстінен түсті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Енгізілген қосымша шектеулерге қарамастан, "Райский сад" мейрамханасында өткен тойға бақылаушылармен бірге телеарнаның түсірілім тобы да барған.

Видеодан тойға жиналған қонақтар мониторинг тобының қызметкерлерін көргенде бетперде кие бастағанын байқауға болады.

Қонақтар сол мезетте-ақ таратылып, мейрамхана иесіне хаттама толтырылды. Енді оған үлкен сомада айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санының өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап Алматыда қосымша шектеулер, оның ішінде жаппай және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.