Алматыда тракторлар түнгі уақытта не сеуіп жүр: Тиісті мекеме жауап берді

0
866

Маман себілетін заттың адамдарға да, құстар мен жануарларға да зияны жоқ екенін атап өтті.


Алматыда тракторлар түнгі уақытта не сеуіп жүр: Тиісті мекеме жауап берді

ERNUR.KZ. Алматы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская тракторлар түнгі уақытта қалада не шашатынын айтты. Оның сөзінше, себілетін зат ағаштарға зиян келтіретін жәндіктерге арналған, ал адамдар үшін қауіпсіз, деп жазады nur.kz.

"Өткен және осы айда түнгі уақытта жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Әлеуметтік желіде трактордың белгісіз зат шашып жүргені туралы көптеген жазба пайда болды. Кейбірі мұны адамдарды улаумен байланыстырып жатыр. Шындығына келгенде, біз оның ештеңеге қатысы жоқ екенін түсіндіргенбіз.

Бұл - жасыл желекті өңдеу. Себу жұмыстары түнде жүргізіледі, себебі күндізгі уақытта күн сәулесінің әсерінен себілетін заттың тиімділігі аз болады. Екіншіден, себілетін заттың иісі бар, өңдеген орыннан бес метрге дейін сезіледі", - дейді Наталья Ливинская.

Сонымен қатар, Ливинская себілетін заттың адамдарға да, құстар мен жануарларға да зияны жоқ екенін атап өтті.

"Алайда, жасыл кеңістікке зиян келтіретін жәндіктерге қарсы жақсы жұмыс істейді", - дейді ол.