​Алматыда тұрғын үй арасында тікұшақ ұшып жүр – ТЖД жауап берді

0
168

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба алматылықтарды таңғалдырды.


​Алматыда тұрғын үй арасында тікұшақ ұшып жүр – ТЖД жауап берді

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Алматыда тұрғын үйлерге жақын қашықтықта тікұшақ ұшып жүр, деп жазады inform.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба алматылықтарды таңғалдырды.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, «Орион» тұрғын үй кешенінің аумағында Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 17 маусым күні басталған дайындық 30 маусымға дейін жалғасады.
– Бұл 1-шілде күні өтетін жоспарлы ауқымды тактикалық – оқу жаттығу өткізуге арналған дайындық іс-шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлады департаменттен.