Оның мәйіті ұлттық қауіпсіздік қызметі академиясының жатақханасынан табылды.
ERNUR.KZ. 30 сәуірде ұлттық қауіпсіздік қызметі академиясының жатақханасында курсанттың мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Ол үшінші курста оқыған. Өлімнің себебі - суицид деп танылды.
Аталған фактіге қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекснің 105 бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.