Алматы қаласы құтқару қызметінің басшысы Бейсенғали Жүнісовтің сөзінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 47 көлік өртенген.
ERNUR.KZ. Алматы қаласында өртенген және оқ атылған 140 көлік айып тұрағында тұр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы құтқару қызметінің басшысы Бейсенғали Жүнісовтің сөзінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 47 көлік өртенген. Сонымен қатар, 48 көлікке оқ атылған. Тағы 17 көліктің қарақшылық шабуылға ұшырағаны белгілі болды. Оның ішінде 40 көлік құқық қорғау органдарына тиесілі.
"Кейбір көліктердің иелері келеді, алып кеткісі келеді. Бірақ тергеу аяқталғанша біз оларды бере алмаймыз", - деді Бейсенғали Жүнісов.
Еске сала кетсек, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1414 байланыс орталығына аз уақыт ішінде келіп түскен қоңыраулар туралы мәлімдеді. Министрдің сөзінше, аз уақыт ішінде орталық қызметкерлері 100 мың қоңырау қабылдаған.
Айта кету керек, оның ішінде 2000-нан астамы - із-түссіз жоғалған жақындарын іздеп хабарласқандар.