2007 жылы туған Артем Зайцев үйден шығып кетіп, оралмаған.
ERNUR.KZ. Алматыда бір аптадан астам уақыт бұрын 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Оны іздестіру жұмстары әлі жүргізіліп жатыр, деп жазады Stan.kz.
Еріктілердің айтуынша, 16 наурызда таңертең 2007 жылы туған Артем Зайцев үйден шығып кетіп, оралмаған.
"Ол шамамен 11.00-де ол Өтепов көшесіндегі үйден шықты. Белгілері: бойы - 165 сантиметр, дене бітімі орташа, қоңыр көзді, сары шашты. Ол қара-жасыл күрте, қара футболка, қара спорт шалбар және ақ аяқ киім киген", - дейді белсенділер.
Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция бөлімінің хабарлауынша, Зайцевтің жоғалып кетуіне байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
"Тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына криминалдық, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кіреді. Баланың анасының айтуынша, ол үйден кетіп қалған. Қазір оны қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орындарында көргені туралы ақпараттар келіп түсуде. Жасөспірім қайыр сұрап жүрген көрінеді. Қазір барлық ақпарат мұқият тексеріліп жатыр. Баланың аман-сау табылуы маңызды. Егер жоғарыда аталған мәліметтер расталса, біз міндетті түрде баланы өз бақылауымызға алып, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз", - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Думан Аухадиев.
Артём Зайцевтің қайда екендігі туралы кез келген ақпаратқа ие адамнан анасы Светланаға 8 707 582 31 96 нөміріне немесе полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.