​Алматыда жол апатына ұшыраған мас полицей жұмыстан қуылды

0
1 049

Полиция департаменті басшысының 23 ақпандағы бұйрығымен полицей ол ішкі істер органдарынан босатылды


​Алматыда жол апатына ұшыраған мас полицей жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Алматыда жол апатына ұшыраған мас полицей жұмыстан қуылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полицейдің жол апатына ұшыраған көліктің жанында жатқаны мен полиция участкесінде бетін киімімен көлегейлеп отырған сәті әлеуметтік желіге таралып кеткен.

"Алматы полициясы департаментінің Жергілікті полиция қызметі жанындағы патрульдік полиция полкінің заңға қайшы әрекеті бойынша Алматы қаласы Жансүгіров көшесі бойында Nissan автомобилі Hyundai маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Бүгінде полиция қызметкері жұмыс істемейді. Полиция департаменті басшысының 23 ақпандағы бұйрығымен ол ішкі істер органдарынан босатылды", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Оның айтуынша, жол апатынан ешкім жарақат алмаған.

Айта кетейік, масаң күйде рөлге отырған бұрынғы тәртіп сақшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.