Алматыдағы алып тиіннің мүсіні көпшіліктің наразылығын тудырды

0
3 109

​Алматыдағы Атакент көрме орталығында бой көтерген тиынның мүсіні көпшіліктің наразылығын тудырды.


Алматыдағы алып тиіннің мүсіні көпшіліктің наразылығын тудырды

Алматыдағы Атакент көрме орталығында бой көтерген тиіннің мүсіні көпшіліктің наразылығын тудырды. Олардың пікірінше, бұл тиіннің қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Танымал блогер Нұрлан Жанай өзінің фейсбук парақшасына мынадай жазба қалдырған еді.

Нұрлан Жанай: "Мына ұсқынсыз тиінді Атакенттің алдына, қаланың қақ ортасына қою кімнің идеясы екен? Бұдан қала xалқы қандай эстетикалық ләззәт алады? Кімнің ақшасына, қанша теңгеге, не үшін салынғанын кім түсіндіріп береді?

Қаланың ішінде Алманың әдемі ескерткіші жоқ, алманың Отаны деп жыртыламыз, бірақ пиары жоқ. Жылқыға да ескерткіш жоқ. Ары қарай кететін болсақ, Көкбөрінің немесе Қыранға да мынадай үлкен белгі жоқ. Тиіннің қазаққа үш қайнасы сорпасы қосылмайды ғой.

Бірдеңе істемес бұрын xалықпен ақылдасу деген жоқ. Ariel деген порошоктың логосы сияқты логотипті таңдағандай, xалыққа бірнеше вариант ұсынуға болмас па еді?! Әлде бізге ақпарат жетпей қалды ма?".

Оның бұл ойын қоштағандар көп болды, олардың қатарында қоғамға белгілі азаматтар да бар.


Естеріңізге сала кетейік, осы жылы Алматы қаласының көшесінде 16 арт-нысан салынады. Соның бірі Атакентте салынған тиіннің ұзындығы 12 метр, салмағы 12 тоннаға жуық.


Фото Нұрлан Жанайдың фейсбук парақшасынан алынды.