10 қаңтарда бір пиццерияға мина қойылғаны туралы қоңырау келіп түскен.
ERNUR.KZ. Алматыдағы Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр, деп жазады Тengrinews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, СОО әкімшілігі "бомба қойылғаны туралы" хабарлама алған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 10 қаңтарда бір пиццерияға мина қойылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Аталған пиццерия қалада бірнеше жерде орналасқаны мәлім болды. Олардың бірі Esentai Mall-да.
Полиция мәліметтеріне сәйкес, қазір барлық шұғыл әрекет ету қызметі аталған хабарламаны тексеруге кірісті.