Медициналық құрылғы «СҚ-Фармацияға» жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, тамыздың 6-сы күні арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентратын жеткізді. Медициналық құрылғы «СҚ-Фармацияға» жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.
«ДДСҰ Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады»,– деді Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілі, доктор Кэролайн Кларинваль.