30 желтоқсанда Алматы маслихаты экологиялық класы төмен автокөліктердің қалалық аумаққа кіруін шектейтін ережелерді бекітті. Құжат алдын ала тоғыз министрлікте келісілген еді.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Алматыда экологиялық класы төмен автокөліктердің кіруін шектейтін ережелерді енгізуді қарастырылып жатыр, деп жазады stan.kz.
30 желтоқсанда Алматы маслихаты экологиялық класы төмен автокөліктердің қалалық аумаққа кіруін шектейтін ережелерді бекітті. Құжат алдын ала тоғыз министрлікте келісілген еді.
Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев депутаттарға сөйлеген сөзінде қаладағы жалпы шығарындылар көлемі жылына 189 мың тоннаға жететінін атап өтті. Оның айтуынша, негізгі бөлігін шамамен 112 мың тонна автокөліктер шығарады. Экологиялық "Евро-0" класындағы автокөліктер бұл шығарындылардың 84 пайызын қамтамасыз етеді.
“Ережелер коммуналдық және жеке автопарктерге міндетті экологиялық талаптарды енгізеді. Оның ішінде қозғалтқыштың бос жүрісін болдырмау, шығарындыларды тазалау құралдарын қолдану және тұрақты есеп беру қарастырылған. Мақсат – автопаркті "Евро-5" және одан жоғарыға жаңарту арқылы шығарындыларды кезең-кезеңімен азайту. Кейін газбен жүретін және электр көліктеріне өту”, – деді ол.
Бекітілген құжат төрт негізгі бағытты қамтиды:
- Автокөлікке арнайы экологиялық талаптар;
- III санаттағы стационарлық нысандарға арнайы экологиялық талаптар;
- Мониторинг және заң бұзушылықтарды анықтау;
- Төмен шығарындылар аймағын (Low Emission Zone, LEZ) ұйымдастыру.
Сматлаевтың айтуынша, LEZ аймақтарында тек экологиялық талаптарға сай екендігі тексерілген автокөліктер ғана жүреді:
“Төмен шығарындылар аймағында тек шығарындыларды тексеруден өткен, экологиялық талаптарға сай автокөліктер қозғала алады. Бұл жаңадан пайда болған тыйым үшін емес, ең көп ластайтын автокөліктерді қаладан шығару үшін жасалып отыр. Тексеру кәдімгі техникалық бақылау аясында жүргізіледі. Жүргізушілерге қосымша шаралар қолданылмайды”, – деді ол.
Тексеру нақты шығарындыларды тіркейді. Деректер автоматты түрде жүйеге енгізіледі. Бұл нәтижелерді қолмен түзету мүмкіндігін жояды.
“LEZ аймағында экологиялық нормаларға сәйкестік растамасы жоқ автокөлікті пайдаланған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған”, – деді Сматлаев.
Кіру ақылы бола ма?
Сессиядағы ең өткір сұрақтардың бірі – қала тұрғындары үшін қаржылық жүктеменің мүмкіндігі болды. Депутаттар енгізілген ережелер қалаға ақылы кіруді қарастыра ма деп тікелей сұрады. Әкім орынбасары бұл сатыда мұндай шаралар жоспарланбағанын атап өтті.
“Қазір бұл ережелерде төлем енгізілмейді. Біз "Евро-0" көліктерінің кірмейтін аймақтарын анықтаймыз. Бұл пилоттық режимде жұмыс істейді. 2026 жылы ақы енгізу қарастырылмайды. Экологиялық аймақтарда төлем енгізу үшін Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу қажет”, – деп түсіндірді Сматлаев.
Ол Нью-Йорк, Лондон және Пекин тәжірибесі мұндай шаралардың тиімді екенін көрсететінін айтты. Дегенмен Алматы бұл жолға тек қоғамдық көлік дамығаннан кейін ғана келеді.
“Әлемдік тәжірибеде 70 пайыз азаматтар қоғамдық көлікті пайдаланады. Алматыда қазіргі жағдай – 60 пайыз жеке автокөлік және 40 пайыз қоғамдық көлік. Егер біз әлемдік көрсеткішке жетсек, 300 мың көлік тұрақта қалады. Ал азаматтар қоғамдық көлікті пайдаланады. Болашақта осы бағытқа баруымыз қажет. Бірақ бұл қазір немесе ертең болатын іс емес”, – деп қорытты Сматлаев.
Енгізілген ережелерді іске асыру барысында біртұтас цифрлық мониторинг жүйесі құрылмақ. Қала тұрғындары нақты уақыт режимінде сенсорлардан деректерді көре алады. Шағымдарды беріп, өз аудандарындағы ластану көздері туралы ақпарат ала алады.
Еске салсақ, бұған дейін әкімдік Алматының орталығына қандай көліктер кіре алмайтыны туралы айтқан еді.


