Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты альпинистерді іздеу мүмкін болмай тұр.
ERNUR.KZ. Іле Алатауының қырғыз жағында жоғалған алматылық альпинистерді іздестіруге кеткен құтқарушылар жетті. Олар 2200 метр биіктікте орналасқан Қарқара лагеріне барған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты альпинистерді іздеу мүмкін болмай тұр. Елден аттанған арнайы топ мүмкіндік туа қалса жоғалғандарды іздеуге дайын отыр.
Айта кетейік, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Іле-Алатауындағы Жеңіс шыңын бағындыруға кеткен еді. Алайда олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай, байланыссыз қалған көрінеді. Сол жерде суықтап, сырқаттанған Александр Чечулин жан тапсырған. Ал аман қалған қос альпинисті іздестіруге қырғыздың Төтенше жағдайлар Министрлігі де атсалысуда.