Алматыда "отпен" жүретін көліктің иесі іздестіріліп жатыр. Ол темір тұлпарына тіпті түтін шығаратын мұржаға дейін орнатыпты
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматы көшелерінде жүрген біртүрлі көліктің суреті тарап кетті. Темір тұлпар "отпен" жүріп, мұржа арқылы түтін шығарады, деп жазады sputniknews.kz.
Тұрғындардың бәрі мұндай ерекше көлікке деген таңданысын жасырмады. Алматы полициясы көліктің иесі іздестіріліп жатқанын айтты.
"Жүргізуші көлікті пайдалану ережесін сақтаған жоқ. Алдағы уақытта оның іс-әрекеті тексерілетін болады", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мұндай көлікті пайдалану ең алдымен жүргізуші мен жолаушылар үшін қауіпті екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай ерекше туынды жолдағы өзге көліктерге де зиянын тигізуі мүмкін.