Алматылық спорт және туризм академиясының ректоры министрлікпен ашық айқасқа шықты

0
642

Экс-министр Ерлан Сағадиевтың 2017 жылы «олимпиадада топ жарған оқушыларға тегін оқу қарастырылмайды» деп енгізіп кеткен заңнамалық актісі талай болашақ чемпионның бағын байлаған.


Алматылық спорт және туризм академиясының ректоры министрлікпен ашық айқасқа шықты

ERNUR.KZ. Қазақтың туризм және спорт академиясының ректоры Қайрат Закирьянов білім және ғылым министрлігімен ашық айқасқа шықты, деп жазады Stan.kz.

Ректордың айтуынша, экс-министр Ерлан Сағадиевтың 2017 жылы «олимпиадада топ жарған оқушыларға тегін оқу қарастырылмайды» деп енгізіп кеткен заңнамалық актісі талай болашақ чемпионның бағын байлаған. Ал Аймағамбетовтен оны алып тастауды бірнеше рет өтінсек те, еш нәтиже бермеді дейді Закирьянов.

"Бұрынғы заң болғанда кем дегенде тағы 200 адам оқуға түсетін еді. 150-ге жуық спорт шеберіне кандидат, 60-тан аса спорт шебері, 20-дан аса халықаралық олимпиада жеңімпаздары қалып қойды. Білім гранттары 42 университетке бөлінген. Оның ішінде Түркістан халықаралық спорт және туризм университетіне 200 грант бағытталған", - дейді ректор.

Ал білім және ғылым министрлігі Түркістандағы ЖОО-ға грант мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бөлінгенін айтады. Енді қыркүйек айында жалпы конкурстан барлық мамандықтар бойынша игерілмей қалған гранттардың иелерін анықтау үшін қайтадан байқау өткізіледі деп отыр.

"Мыңға жуық грант бар. Бұл гранттар әрбір бағыттар бойынша бөлінеді. Олар жалпы конкурсқа қайта ауыстырылады. Олардың арасында дене шынықтыру факультеттеріне арналғандары да бар", - деді білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің басшысы Әділет Тойбаев.