Алтайда жоғалған 2 жасар бала дронмен іздестірілуде

0
1 055

Жоғалған баланы іздеуге Өскеменнен арнайы мамандар келген.


Алтайда жоғалған 2 жасар бала дронмен іздестірілуде

ERNUR.KZ. Екі тәуліктен бері Алтай ауданында жоғалған 2 жасар бала табылмай жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жоғалған баланы іздеуге Өскеменнен арнайы мамандар да келіпті.

«Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінен, жергілікті әкімдік өкілдері пен еріктерлерден құралған 200 адам іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. 2017 жылы туған сәби өз үйінің ауласынан жоғалған болатын. Іздеуші топ шөп басқан аумақтар мен шұңқырларды, арықтар мен жертөлелерді, иесіз құрылыстарды тексеруде. Үй ауласынан 20 метр қашықтықта Қайыңды өзені ағып жатыр. Қауіп судан келді ме деген де күдік бар. Өскеменнен келген арнайы топ иісшіл иттердің көмегіне жүгінбек. Ал әуеден дрон арқылы іздеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ШҚО төтенше жағдай департаментінің ақпаратында.

Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары кеше Қайыңды өзенінің арнасын тексеріп, ешқандай белгі таппаған болатын. Бала жоғалған үйден бес шақырым жерде өзен бойын бақылауда ұстау үшін мобильді штаб құрылған.

Еске салсақ, 18 тамыз күні ШҚО-ның Алтай ауданында 2 жасар сәби өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен болатын.