Аң аулаған ер адам байқаусызда өзін атып өлтірді

0
1 921

Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бармаған


Аң аулаған ер адам байқаусызда өзін атып өлтірді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны аң аулау кезінде байқаусызда өз-өзін атып қойды деп жазады sn.kz.

Кездейсоқ жағдай 10 қазанда түнде Балқаш қаласына жақын орналасқан Ащыөзек станциясынан 11-12 шақырым ұзақта болған.

Әзірге ер адамның 25 жаста екені белгілі. Ол қоянға оқ атқан, алайда байқаусызда өзіне атылып кеткен. Ер азамат ішіне тиген оқтан оқиға орнында қаза табады.

Кездейсоқ жағдай болғандықтан медициналық жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бармаған.