Ана мен бала өлімі көрсеткіші жоғары облыстар аталды

0
726

Биыл алғашқы алты айда ана өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеген.


Ана мен бала өлімі көрсеткіші жоғары облыстар аталды

ERNUR.KZ. Биыл алғашқы алты айда ана өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Бұл туралы үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министр келтірген мәліметке қарағанда, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 26,4-тен 11,0-ге дейін (29жағдай) төмендеген).

Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

"Себептер құрылымында-акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар-30% құрады", - дейді Ажар Ғиният.

Ал нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ті құрады.

Нәрестелер өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады.

33% жағдайда 1000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген.

"Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды", - деп сендіреді министр.