"Аңқау елге арамза молда" деген осы": көріпкел үкіметтің несиені кешіретінін айтты (видео)

0
1 770

​Желіде тікелей эфир арқылы ақылы түрде болжам айтатын Жанар ханым есімді әйел жұртты таң қалдырды. Тұрмысқа шықпаған қыздардың жолын ашамын деген балгер алда үкімет елдің несиесін кешіреді деген болжам айтты.


иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы адамдардың болашағын болжаған әйел көпшілікті несие кешіреді деп қуантты, деп жазады Экспресс К.

Tik-tok желісінде тікелей эфирде көпшіліктің түрлі сұрақтарына жауап берген Жанар есімді балгер өзінің қызметі туралы айтты.

"300 теңге беріп, кезек арқылы жазыласыз. Бүгін ақшаңызды аударсаңыз, ертеңгі эфирде бал ашамын. Егер кезексіз кіремін десеңіз 500 теңге төлейсіз. Бүгінге 30 адам жазылды. Одан артық қабылдамаймын. Бір сұраққа 300 теңге. Екі сұрақ 600 теңге", — деді Жанар ханым эфир арқылы.

Қаржылық жағдайға қатысты болжам айтқан тәуіп алда жақсылықтың нышаны көп екенін жеткізді. Оның сөзінше, сәуір айында көптеген адамға үкіметтен айтулы көмек болмақ.

"Алда үкімет жұрттың несиесін жауып береді. Тек 6 айдан бері төлемегендерге осындай көмек көрсетіледі. Зейнетақы аударымы жоқ, кәсібі банкрот болғандар, баспанасы жоқтардың 4,5 миллион теңгеге дейінгі несиесі кешіріледі. Наурыз айында осындай қаулы шығып, сәуірде іске асады", — дейді Жанар ханым.


Бала көтеру, тұрмысқа шығу секілді сұрақтарға алаңдағандар болашағын Жанар ханымға карта арқылы болжатуға асығатын көрінеді.

"Райхан "тұрмысқа шығамын ба, балам бола ма?" деп сұрақ қойыпты. Сіз біреумен ренжісіпсіз ғой. Бірақ алда тұрмысқа шығасыз. Шамамен бір жыл ішінде", — деді көріпкел тікелей эфирде.

Эфир арқылы көпшіліктің сауалына жауап беріп, тек тағдыр төңірігенде ғана болжам айтатын балгердің ақша аудармағандардың сұрағына қарамайтынын жеткізді.

"Сұрақтарыңызды банк картама ақша аударып, жекеме жазып жіберіңіздер. Тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап бермеймін", дейді тәуіп.

Оның сөзінше бала көтере алмай, жолы ашылмай жүргендер болашағы туралы көп сұраққа қояды екен. "Тек картаға қатар адам тағдырын болжаймын" деген Жанар ханымды сынап жатқандар да көп.

"Аңқау елге арамза молда" деген осы", "Эфирде отырып алып сіз де ата бересіз-ау", "Несие кешірілетінін күшті жаңалық", "Сіз айтқан соң 5 айда бала көтердім" деген сыңайда пікірлер айтылған.