Әнші Алмас Кішкенбаев жасөспірімге тиісті деп тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0
108


Әнші Алмас Кішкенбаев жасөспірімге тиісті деп тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: Instagram / @a.kishkenbaev

ERNUR.KZ. Әнші Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарып, телеарналарды кінәлады, деп жазады stan.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Алмас Кішкенбаев есімді 40 жастағы ер адам жасөспірім ұлға тиіскен.

“Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Ер адамның есімі Алмас Кішкенбаев”, – деп жазды журналист Telegram парақшасына.

Полиция департаменті мұны жоққа шығармады.

Алайда әнші бұған қатысы жоқ екенін айтты.

“Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз телеарналарына түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, “қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы”. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?”, – деп ашуланды әнші.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.