Қапшағайда жетім қыз өзін асырап алған ата-анасының үстінен шағымданған

0
1 230

Үйде және егістік алқабында ауыр жұмыс істегендіктен, сабақтан жиі қалып қоятын көрінеді. Сондай-ақ, оқушы 9-сыныптан кейін оқуға бара алмай отырғанын атап өткен. Хат соңында ол өзін балалар үйіне жіберуді өтінген.


Қапшағайда жетім қыз өзін асырап алған ата-анасының үстінен шағымданған

Қапшағайда жетім қыз өзін асырап алған ата-анасына шағымданып, желіде жазба қалдырған. Әкімдік жеткіншектің жазбасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның негізсіз екенін анықтады, деп хазады Stan.kz.

Facebook желісінде қолданушылардың бірі 16 жастағы Жұлдыздың шағымын жариялады. Онда жасөспірім Қапшағай прокурорынан көмек сұраған.

Жұлдыздың қамқоршысы «анасының әпкесі» екені анықталды. Қыз әпкесімен бірге ауылда тұрады. Айтуынша, ол ара-тұра соққыға ұшырап, кейде аш қалады екен. Үйде және егістік алқабында ауыр жұмыс істегендіктен, сабақтан жиі қалып қоятын көрінеді. Сондай-ақ, оқушы 9-сыныптан кейін оқуға бара алмай отырғанын атап өткен. Хат соңында ол өзін балалар үйіне жіберуді өтінген.

“Желіде қыздың шағымы жарияланған соң, біз оны бірден назарға алдық. Бұл істі Қапшағай әкімдігі жанындағы кәмілеттік жасқа толмағандар ісі бойынша комиссия қамқоршылық органымен бірлесіп қарады. Қыз бен оның қамқоршылары шақыртылып, бетпе-бет сөйлестірдік. Хатта атап көрсетілген фактілердің шындыққа жанаспайтынын анықтадық. Шағымда қыз колледжге оқуға түсе алмай отырғанын, оған қамқоршыларының қарсы екенін айтқан. Алайда оған ешкім тыйым салмаған. Үйіндегілер керісінше оның оқығанын қалап отыр. Ақырында қыз «эмоцияға беріліп» кеткенін мойындады. Бұл жерде оның жасөспірім шақта екенін де ескеруіміз қажет», – дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.