Аптап ыстық ауа-райы бүкіл әлем үшін қалыпты жағдайға айналуы мүмкін

0
3 136

2023 жылдың шілдесі әлем бойынша рекордтық деңгейдегі ең ыстық ай болды.


Аптап ыстық ауа-райы бүкіл әлем үшін қалыпты жағдайға айналуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алдағы уақытта ыстық ауа-райы бүкіл әлем үшін қалыпты жағдайға айналуы мүмкін, деп жазады stan.kz.

Бұл мәлімдемені Чилидегі Консепсион университетінің климатологы және профессоры Мартин Жак жасады.

2023 жылдың шілдесі әлем бойынша рекордтық деңгейдегі ең ыстық ай болды. Ал тамыз айының алғашқы күндері Чилидің солтүстігі мен орталығына аптап ыстықты әкелді. Мемлекет Жердің оңтүстік жарты шарында орналасқан. Олар үшін маусымнан тамызға дейінгі кезең қыс айлары болып табылады. Ғалымдардың пайымдауынша, елде жылдың осы мезгілінде байқалған рекордтық деңгейдегі ыстық ауа райы бірнеше жылдан кейін қалыпты жағдайға айналуы мүмкін екенін көрсетті.

"Жақында қалыпты жағдайға айналуы мүмкін екенін байқап отырмыз. Қазір төтенше болып көрінетін жағдай бірнеше жылдан кейін қалыпты дүниеге айналуы мүмкін", - деді Жак.

Жердегі орташа температура 6 шілдеде өзінің тарихи максимумын жаңартты. Бұл күні ауа температурасы 17,23 градус Цельсий болды. Пенсильвания университетінің климатологы Майкл Манн 2023 тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін айтты.