Кей өңірлерде өте жағы өрт қауіпі күтілуде.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп жазады 24.kz.
Ақтөбе облысы
Түнде 18 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 17 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы
Күндіз 18 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі. 18 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысы
18 маусымда: Қырғыз Алатауы: күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұрқасын, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20, екпіні 23 м / с. Талас Алатауы: күндіз, өткінші жаңбыр, найзағай.
Қарағанды облысы
Күндіз 18 маусымда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, 38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: күндіз 18 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: күндіз 18 маусымда 38 градус ыстық, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
Күндіз 18 маусымда Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Атырау қ.: күндіз 18 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз 18 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Ақжайық ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Күндіз 18 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 35 градусқа дейін ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: күндіз 18 маусымда найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. 35 градусқа дейін ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
18 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: күндіз 18 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
18 маусымда Бесқарағай ауданында өрт қаупінің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.
Түркістан облысы
18 маусымда күннің екінші жартысында Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде 40 градус ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.