Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны - 15-20 м/с.
"Қазгидромет" орталығы мамандары ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
8 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстанның Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 8 желтоқсан сағат 21.00 дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.
8 желтоқсан да Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, аймақта және Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады.
Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
8 желтоқсан түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады.
8-10 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде және Түркістан қаласында тұман түседі.
Шымкент қаласында да 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман болады.
8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Петропавл қаласында боран соғады.
Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны - 15-20 м/с.