1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.
ERNUR.KZ. Шахтинскіде "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің пышақталған мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Мәйіт түскі уақытта Жеңіске 40 жыл көшесіндегі үйден шыққан өртті сөндіру кезінде табылған. Трагедияның кәсіби қызметке қатысы бар-жоғын тергеу анықтайды.
"Өрт болған жерден 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаменті 9 адамды эвакуациялады. Өрт сағат13:25-те оқшауланып, 13:31-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп түсіндірді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі patriotkaragandy паблигіне.