"АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

0
517

21 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облыстық соты Қарағанды облысы МКД дәлелдерін қолдап, әкімшілік айыппұл күшінде қалды.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде ірі салық төлеушілерге қатысты аванстық төлемдер сомасының төмендетілгені анықталған.

"2017 жылға мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы нақты есептелген салықтан төмен бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабы 3-тармағы бойынша 1,3 миллирад теңге сомасында әкімшілік айыппұл сомасында әкімшілік материал толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

21 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облыстық соты Қарағанды облысы МКД дәлелдерін қолдап, әкімшілік айыппұл күшінде қалды.