Арсен Алагөзов әкесін үйден қуып шықпақ

0
3 979

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың ұлы Арсен әкесін үйінен қуып шыққысы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Жоғарғы Сотының сот базасына сілтеме жасап.


Арсен Алагөзов әкесін үйден қуып шықпақ

фото:zakon.kz

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың ұлы Арсен әкесін үйінен қуып шыққысы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Жоғарғы Сотының сот базасына сілтеме жасап.

2 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына Тұрсынғали Алагөзовтің атына ұлы Арсен Алагөзовтен шағым түскен. Арсен Алагөзов әкесін тұрып жатқан үйінен қуып шығуды қалайтынын жазған.

2018 жылы 7 наурызда сот шешімі талап арызы ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 148-бабының талаптарына сәйкес келетіндігін көрстті. Талап арызды қайтару немесе бас тартуға негіз жоқ.

«Осыған байланысты талап арыз сот өндірісіне жіберіліп, азаматтық іс қозғалды», - делінген құжатта.

Азаматтық істі сот талқылауына дайындау туралы анықтамада 2018 жылғы 29 наурызда екі тараптың сотқа шақырылғаны айтылған.