Аружан Саин: Балаларға зомбылық жасалса, тараптарға татуласу мүмкіндігін бермеу керек

0
1 180

Балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істерді қазбалау қажет.


Аружан Саин: Балаларға зомбылық жасалса, тараптарға татуласу мүмкіндігін бермеу керек

ERNUR.KZ. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне жақында ғана тағайындалған Аружан Саин елімізде балаларға жасалған зорлық-зомбылық жағдайын болдырмау жолында біршама ұсыныс білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балаларға жасалған зорлық-зомбылық және балалардың бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуі жайлы айта кетейін. Сіздің жақында жариялайтын Жолдауыңызда (Президентке қарата) біз осыған дейін жолдаған өтініштеріміз ескерілер деген үміттеміз. Атап айтқанда, облыстық деңгейден төменгі ауқымдағы өңірлерде біз балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істерді қазбалау қажет деген ойдамыз. Ондай істердің құжаттамалары, процедуралары мен ол істердің жабылуын облыстық Прокуратура мен ІІД басшыларының санкциялары арқылы жүргізіліп отырған. Себебі, әсіресе «ішкі байланыс» күшейіп кеткен ауылдар мен аудандарда ондай істердің бұрын жабылып қалып отырғанын біліп отырмыз», - деді Аружан Саин елордада өтіп жатқан Тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, балаларға жасалған кез келген зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтіп қана қоймай, мұндай істерге келгенде тараптарға татуласу мүмкіндігін бермеу керек.

«Өйткені, мұндай істерге келгенде отбасыларға қоқан-лоқы көрсету немесе ақша беріп құтылу жағдайларымен бетпе-бет келіп отырмыз. Ақыры, зардап шексе де жәбірленуші тарап арызын қайтарып алады. Осылайша, балалардың құқығы қорғалмайды. Әлбетте, балаларға жасалған зорлы-зомбылық қылмысына кедергі келтіргендерге жауапкершілік жүктелуі керек. Әйтпесе, бұл процесті тоқтата алмаймыз. Егер нақты түйінді мәселелерді шешімін таба алар болсақ, онда нақты нәтижеге қол жеткізе алар едік», - деді ол.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Қазақстан Президентінің қатысумен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім келген. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясында оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады.

Сонымен қатар мұғалімдер білім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беру жүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылайды.

Жиын аясында отандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.