Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, оған 10 жасөспірімнің ісі бойынша ақпарат келіп түскен.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған жасөспірімдердің қамаудан босатылуы үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп жазады Stan.kz.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, оған 10 жасөспірімнің ісі бойынша ақпарат келіп түскен.
Осы бойынша Саин кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясын және халықаралық құқық нормаларын сақтау мақсатында өңірлік прокуратура органдарына және Бас прокуратураға хаттар жібергенін айтты.
“Менің бастамаммен қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған жасөспірімдерге байланысты адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен, Қазақстанның ҮЕҰ Азаптауларға қарсы Коалициясы және Қазақстанның ҮЕҰ "Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі" жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәмелетке толмағандарды ұстау жұмыстарының мән-жайларын анықтау бойынша түрлі шаралар қабылданды. Осылайша тергеу изоляторларына ұсталған жасөспірімдермен жеке кездесу үшін үкіметтік емес ұйым өкілдері мен дәрігерлер жіберілді”, – деді ол.
Уәкілге бас прокуратураның берген ақпараты бойынша, 7 ақпанда Алматы облысында жеті кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім тұтқыннан босатылып, ересектердің қадағалауымен үйлеріне қайтарылған. Бұған қоса 3 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында бір кәмелетке толмаған бала ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Сондай-ақ 7 ақпанда Алматыда бір кәмелетке толмаған бала ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне қайтарылған.
Осылайша, Бас прокуратураға келіп түскен тізімдегі тоғыз кәмелетке толмаған күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен және ата-анасының/қамқоршыларының қарауында қалу жағдайымен босатылған. Ал бір алматылық жасөспірім қамауда қалған көрінеді.
“Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Нәтижелері бойынша әрбір кәмелетке толмаған күдіктінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар мен әрбір кәмелетке толмаған адам үшін жасалған әрекеттің біліктілігін тексеруді сұрадым. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан келіп түскен өтініштер бойынша коалиция тарапынан адвокаттар ұсынылып, көмек көрсетілді”, – дейді Аружан Саин.