Бала құқықтарын қорғау омбудсмені Сәтпаев қаласындағы мәселеге қатысты барлық жағдайды жіті қадағалап, араласып отырғанын айтты.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Сәтбаевтағы оқиғаға араласып, баланың анасымен және жауапты органдардың басшыларымен байланыста отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты баланың анасымен телефон арқылы үнемі байланысып отырмын. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Біз заңгерлік және психологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша келесі әрекеттерімізді талқыладық. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде мен осы мәселеге қатысты барлық жағдайды жіті қадағалап, араласып отырамын", - деп жазды Аружан Саин Facebook парақшасында.
Саин бұл істі өз бақылауында ұстап отырған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен де тікелей байланыста екенін айтты.
"Қазіргі уақытта біз Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпен байланыс орнатып жатырмыз және бұл істі бірге алып жүретін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі адвокаттың тезірек отбасымен байланысуды өтіндім. Сонымен қатар, жақсы психолог табу қажет, өйткені балалармен байланысты қылмыстарға қатысты тергеу әрекеттеріне психологтың қатысуы міндетті. Бірнеше жыл бойы біз балаларды сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларына қатысты істерге үнемі қатысып келеміз. Мұндай қылмыстың орын алғаны туралы естудің өзі өзгеге қиын, ал балалар мен олардың ата-аналары үшін бұл қаншалықты қиямет нәрсе екенін елестету мүмкін емес. Біз балаларға қарсы осындай қылмыс жасағандардың барлығына қатаң жаза қолданылады деп сенеміз ...", - деп сөзін қорытындылады Аружан Саин.