Аружан Саин шымкенттік баланың анасымен кездескенін айтты

0
1 884

​Шымкенттік жеті жастағы баланың анасы отбасын асырау үшін Алматыда жұмыс істеп жүрген. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Мейірімділік" қорының директоры Аружан Саин мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.


Аружан Саин шымкенттік баланың анасымен кездескенін айтты

Шымкенттік жеті жастағы баланың анасы отбасын асырау үшін Алматыда жұмыс істеп жүрген. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Мейірімділік" қорының директоры Аружан Саин мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

Аружанның сөзінше, 15 наурызда ол баланың анасымен кездескен.

"Кеше біз анасымен кездестік, ол біздің көзімізше барлық телефонға қоңырау шалып шықты, бірақ бәрі сөніп тұрды. Одан кейін әжесінің видеосы жарияланды, видеода әжесі "рақмет" деп отыр. Әйел бұл сөзге сенбейтінін айтты. Ол құқық қорғау органдары тарапынан заң бұзушылық кетті деп айтуға қорқып отыр. Анасы отбасында бәрі жақсы болғанын қалайды, олар – оралмандар. Анасы сауатының аз екенін, осыған дейін отбасын асырау үшін жұмыс істеп келгенін айтты. Әйел ауылға барып көмек сұрағанын айтты, бірақ оған ешкім көмектеспеген", – деді Аружан Саин.

Қайырымдылық қорының басшысы әйелдің өзінің қатысуынсыз баласына сараптама жүргізгенін қаламайтынын жеткізді.

"Анасы енді не істейді десеңіздер, балаға қатысты нәрсенің бәрін анасы шешуі керек. Ол Астанадағы сараптамаға келісе ме, жоқ па, білмейміз ғой. Кеше ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шәкіровтың атына іске араласуын өтініп, анасының қатысуынсыз ештеңе жасалмауын сұрап хат жіберді", – деді Аружан Саин.