Өңірдің ірі кәсіпорындарының басшылары отандастарына қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Өскеменде зардап шеккен Арыс тұрғындары үшін қаражат жинау штабы құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кешегі күннен бастап қайырымдылық акциясына Нұр Отан партиясының аймақтық филиалының белсенділері іске кірісіп кетті. Олар халықтан қайырымдылықты қабылдап, жақын арада алғашқы көмектер Арыс қаласына жіберілетін болады.
Өңірдің ірі кәсіпорындарының басшылары отандастарына қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Еңбек ұжымдарымен кездесулерде қаражат аударуға болатын банктердің деректемелері айтылады. Ірі фирмалар мен компаниялар сондай-ақ құрылыс материалдарымен, төсек-орын жабдықтарымен, тамақ өнімдерімен және дәрі-дәрмектермен көмек көрсетеді.
- Қаражат жинау процесін созудың қажеті жоқ. Барлығы жан-жақты болуы керек. Бұл біздің зардап шеккендердің алдындағы парызымыз, - деді Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы сондай-ақ, Түркістан облысындағы балаларды жазғы лагерьге қабылдап, орналастыруға тиіс деп есептейді. ШҚО қазір зардап шеккен қаладан келетін балалардың саны мен өзгеде мәселелердің шешімі қарастырылуда.