Арзан пәтер беремін деп алдаған шымкенттік әйел ұсталды

0
566

Мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұраған.


Арзан пәтер беремін деп алдаған шымкенттік әйел ұсталды

Алматы аудандық ПБ-ның тәртіп сақшылары "Hi-Tech" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет-ресурстары арқылы алдап кеткен 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтады, деп жазады zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті "Krisha.kz" сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды.

Ол пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұраған.

Бүгінге дейін алданған астаналық 7 тұрғын полицияға жүгінген.

Мәселен, маусым айында сайтта жалған хабарландырулар орналастырып, жалға пәтер берем деген желеумен алаяқ 40 жастағы елорда тұрғынын алдап, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.