Фото: Үкімет
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.


