Ведомство баға қалай қалыптасатынын айтты.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар сиыр еті бағасының көтерілуіне алаңдаулы. Ауыл шаруашылығы министрлігі еттің түпкі бағасының қалай қалыптасатынын түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Баға қалай қалыптасады?
АШМ мәліметінше, 1 келі сиыр етінің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңгені құрайды. Оған 15% көтерме үстеме қосылғаннан кейін баға 3 400–3 500 теңге деңгейінде қалыптасады.
Салыстыру үшін көрші елдердегі бағалар:
- Өзбекстан және Тәжікстан – 6 500 теңге/кг дейін
- Ресей – 8 500 теңге/кг дейін
- Қытай – 8 000 теңге/кг дейін
- Түркіменстан – 9 000 теңге/кг дейін
- Түркия – шамамен 13 000 теңге/кг
Неге еттің бағасы әртүрлі?
Баға тек өзіндік құнға ғана емес, ет бөлігінің категориясына да байланысты. Бір ірі қара малдың тірі салмағынан небәрі 50–60% ет алынады. Оның ішінде:
- 15–20% – премиум-сегмент (вырезка, рибай, кострец)
- 40–45% – орташа сегмент
- 25% – төменгі категория
- 15–20% – сүйек, май мен қиқым (нарықта ет ретінде сатылмайды)
Бағаны тұрақтандыру шаралары
АШМ сиыр еті нарығындағы бағаның шамадан тыс қымбаттамауы үшін бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті:
- Мал ұстау алаңдары мен шаруашылықтарға жеңілдетілген несие беру;
- Ет өңдеуші кәсіпорындарды қолдау;
- Форвардтық сатып алу және интервенциялар арқылы нарықты тұрақтандыру;
- Антимонополиялық заңнаманың орындалуын күшейту.
Сонымен қатар, министрлік баға мониторингін тұрақты жүргізіп, өңірлік әкімдіктермен және сала ұйымдарымен бірге жұмыс істеп келеді.