Қосанов желіде әскерге бармай қойған жастарды түрмеге алып кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ulysmedia.kz коллажы
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов кейінгі кездері болған сарбаздарға қатысты мәселелерге пікір білдірді, деп жазады ulysmedia.kz.
Ақорда кулуарында журналистер министрден Отарда жағы сынған сарбазға қатысты пікір білдіруін және әскердегі мәселелер қашан шешілетінін сұрады.
- Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу кезінде ақпарат бере алмаймыз. Командир қызметінен кетті, – дейді министр.
Сонымен қатар, Қосанов желіде әскерге бармай қойған жастарды түрмеге алып кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
- Әскерден қашқан жігіттер туралы ақпаратты ішкі істер министрлігіне береміз. Олар сосын іс қозғайды. Алдымен әкімшілік іс қозғалады, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қандай жаза қарастырылатынын сот шешеді, – дейді министр.


