Әскерден кейін ақысыз негізде ЖОО-ға түскендер тізімі жарияланды

0
702

ЖОО-ларға ақысыз негізде оқуға қабылданғандар саны – 650 адам.


Әскерден кейін ақысыз негізде ЖОО-ға түскендер тізімі жарияланды
ERNUR.KZ.Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін негізде жоғары оқу орындарына түскен азаматтардың тізімін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

ЖОО-ларға ақысыз негізде оқуға қабылданғандар саны – 650 адам.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мерзімді әскери қызметін өткерген жастарды 100 пайыз жеңілдікпен 40-тан астам ЖОО оқытуға дайын екенін жазған едік.

Бұдан бөлек, әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесіне қарамастан әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланған болатын.

Сондай-ақ кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әскери міндетін өтегеннен кейін жұмыс істегісі келетін сарбаздарды мемлекеттік компаниялар мен ірі корпорацияларға жұмысқа тұрғызу жағын қарастыруды ұсынған болатын.