Әскери қоймалардағы оқ-дәрілерді сақтау заңмен қатаңдатылады

0
472

​Әскери қоймалардағы жойылуы тиіс оқ-дәрінің нақты тізімін бекітіп, сақтауға жарамдысын бөліп алу маңызды.


Әскери қоймалардағы оқ-дәрілерді сақтау заңмен қатаңдатылады

ERNUR.KZ. Айдың-күннің аманында жарылыстарды болдырмау мақсатында Сенат депутаттары қорғаныс және қарулы күштер туралы заң жобасына тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды, деп жазады 24.kz.

Атап айтқанда, заңдағы 15-баптың екінші және үшінші тармағы толықтырылады. Яғни, дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге бұдан былай пайдаланылмайтын әскери мүлік ретінде қарауға тыйым салып, оны дереу жою керек деген жаңа тармақша енгізілмек.

Сонымен бірге оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін айтты. Сенаторлар, сондай ақ мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, құжатты Мәжіліске қайтарды.