Астана әкімі Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты сұраққа жауап берді

0
619

Астана әкімінен Clean City NC компаниясымен жасалған келісім-шарттың мерзімі қашан аяқталатыны сұралды.


Астана әкімі Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты сұраққа жауап берді

ERNUR.KZ. Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке елордада қоқыс шығарумен айналысатын Әлия Назарбаеваның компаниясы туралы сұрақ қойылды, деп жазады tengrinews.kz.

Астана әкімінен Clean City NC компаниясымен жасалған келісім-шарттың мерзімі қашан аяқталатыны сұралды.

"Биыл бұл компаниямен келісімшарт аяқталады. Ол бүгінде бүкіл қала бойынша жұмыс істеп жатыр. Онымен келісім 5-6 жыл бұрын жасалған болуы керек. Осы жылдан бастап сәуірдің басында байқау жариялауды жоспарлап отырмыз. Қаланы бес ауданға бөлеміз. Қала екі есе өсті, сәйкесінше тұрғындар саны да өсті. Бір жыл ішінде күн сайын шамамен 1,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады", - деді әкім.

Қасымбектің айтуынша, бір кәсіпорынның қуаты енді бүкіл қаланы қамтамасыз етуге жетпейді.

"Біз бес аудан бойынша қоқыспен айналысатын мердігерлік ұйымдарды анықтауды жоспарлап отырмыз. Міндетті шарт - техниканың болуы. Бүгінде үзілістер мезгіл-мезгіл болып тұрады, өздеріңіз білесіздер, әсіресе Нұра ауданында. Бұл компанияның 3-4 жыл бұрын болған техника көлеміне байланысты. Олар 80 көлікпен бастады, қазір де шамамен сондай, сәл көбірек. Бізге қаланы тазарту үшін 150-160 машина қажет. Сондықтан, басқа компанияларды барынша тартамыз, кем дегенде 3-4 компания қалада жұмыс істейді деп күтеміз", - деді елорда әкімі.