​Астанада 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылды – автобус жүргізушісі жазадан босатылды

0
111

Қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.


​Астанада 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылды – автобус жүргізушісі жазадан босатылды

ERNUR.KZ. Астанада 8 жастағы қызды екі аяғынан айырған жол апатына кінәлі автобус жүргізушісі рақымшылыққа ілінді, деп жазады sputnik.kz.

Биыл 2 маусымда болған жол апатынан15 адам зардап шекті. 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылды. Ертесінде көлік жүргізушісі қамауға алынды.
"Автобус жүргізушісінің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Күдікті "Рақымшылық туралы" заңның негізінде қылмыстық қудалауды тоқтатуға арыз жазды. Қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды", - дейді қалалық полиция департаментінің мамандары.
Қылмыстық іс тоқтатылса да, автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам болып қалады.
Айта кетері, биылғы рақымшылық Конституцияның 30 жылдығына орай жасалып отыр.
Рақымшылық кімге жасалады
Президент қол қойған заңға сәйкес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін рақымшылық жасалады. Олар:
  • қылмыстық теріс қылық пен онша ауыр емес қылмыстар;
  • зиян келтіруге әкеп соқпаған және ауырлығы орташа қылмыстар;
  • залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар.
Сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімін қысқарту көзделіп отыр. Ал сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы әрекет және тағы басқа аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.