Қазір граффитиді сүртіп жатыр.
Фото: CTS
ERNUR.KZ. Елордада LRT вагондарына рұқсатсыз граффити салу әрекеті тіркелді. Бұған қатысты City Transportation System компаниясы пікір білдірді, деп жазады inform.kz.
- Вагондардың жоғарғы жағына заңсыз граффити салынғаны анықталды, - деп хабарлады компания өкілдері.
Олар таратқан ақпаратқа қарағанда, материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
CTS өкілдері сонымен қатар вагондардың қорғаныш қабығы бар екенін мәлім етті. Ол вагонның негізгі бояуын сырттан болатын ықпалдан қорғайды. Қазір граффитиді сүртіп жатыр.
Осыған дейін LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жөнелтілгені туралы жаздық.
11 маусым күні №101 станциясына алғашқы LRT құрамы көтерілгені туралы жаздық.
Астана әкімі 2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылатыны туралы хабарлады.