Астанада ит еті сатылған: министр оқиғаға қатысты пікір білдірді

0
459

Осыдан бес күн бұрын Ақмола облысында иттерді аулап, дәмханаларға сатып жүрген ер адам ұсталған болатын.


Астанада ит еті сатылған: министр оқиғаға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елордада ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз. Біраз жайттар бар – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек, заңнаманы бұзу фактісі бойынша ҚР ІІМ тарапынан шаралар күтілуде. Кеше ғана өз арамызда осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, жақын арада біз ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарай жоспар әзірлеу үшін байланыс орнатамыз", – деді Зүлфия Сүлейменова.

Айта кетейік, осыдан бес күн бұрын Ақмола облысында иттерді аулап, дәмханаларға сатып жүрген ер адам ұсталған болатын. Оны полицейлер мен елордалық еріктілер қаскөйді бірлесіп қолға түсірді. Еріктілер иттің етін сатып алушы болып танысып, ит аулаушының жазбасын әлеуметтік желіге жариялады. Ер адам тендер бойынша оның 18 ауданы бар екенін және одан бірде-бір ит қашып кетпейтінін айтады. Сондай-ақ ит аулаушыдан қаланың жартысы ет алатынын айтқан.