Былтыр Астанада Есіл өзені жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатыны хабарланды.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ол.
Еске салайық, былтыр Астанада Есіл өзені жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатыны хабарланды.
Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес нысан апат жағдайында деп танылған еді. Іргетасы құлауы мүмкін екені де айтылды.