Астанаға Бельгия королі мен патшайымы келе жатыр

0
367

​11–14 қазанда өтетін мемлекеттік сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, бірқатар құжатқа қол қойылады.


Астанаға Бельгия королі мен патшайымы келе жатыр

ERNUR.KZ. 11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.