Астрахань Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

0
702

Қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін Атырау қаласының госпиталі жіберген.


Астрахань Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

ERNUR.KZ. Атырау облысына 1000 келі медициналық жүкті Астрахань аймақтық қазақ мәдениетінің "Жолдастық" қоғамдық ұйымы мен қазақ мәдениетін дамыту қоры мүшелері коронавирус инфекциясының жаңа түрінің таралуына қарсы күресу үшін жіберді, деп жазады baq.kz.


20 мың медициналық маска, 500 литр дезинфекциялық құрал, 1000 инфузиялық жүйе, 1000 медициналық бинт, 300 қорғаныш костюм, жөргектер, С витаминдері және өзге де заттар "Жолдастық" қоғамы кеңесінің төрағасы Нұрлан Қандықов пен қазақ мәдениетін дамыту қорының басқарма төрағасы Эдуард Ысқақовтың бастамасымен Атырау госпиталіне жіберілді, - делінген хабарламада.

Қазақстан бауырлас халқы үшін гуманитарлық көмек жинауды біз бір аптадан астам уақыт бұрын бастадық. Осылайша, "Жолдастық" қоғамының белсенділері мен мүшелері біздің губернатор Игорь Бабушкиннің Атырау облысына коронавирус инфекцияның таралуына қарсы күресте көмек көрсету туралы шешімін қолдады.

Жақын арада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанатынына сенімдіміз. Осы жүкті ұйымдастыруға қатысқан барлық адамға – "Жолдастық" қоғамының активіне, кәсіпкерлерге, серіктестерге және жай ғана бей-жай қарамайтын азаматтарға, қазақстандықтар үшін қиын қол ұшын созғандарға алғыс айтқым келеді. Әсіресе, акцияға Астрахань облысы шешен қауымдастығы мүшелері және Шешен Республикасы басшысының Астрахань қаласындағы өкілетті өкілінің қатысуын ерекше атап өткім келеді, - деді Нұрлан Қандықов.

Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің көмек көрсету туралы бастамасын "Жолдастық" қоғамы кеңесінің мүшелері бірауыздан қабылдады.
Бір апта ішінде ақшалай қаражат жиналды, Атырау қаласының госпиталімен қажетті дәрі-дәрмектердің тізімі келісілген. Сондай-ақ, көлік компаниясымен мәселе шешіліп, бұл жүкті қысқа мерзімде жіберуге мүмкіндік берді.