Атырау-Астрахань тасжолындағы апаттан 3 адам көз жұмды

0
98

Тағы 4 адам дене жарақатын алған.


Атырау-Астрахань тасжолындағы апаттан 3 адам көз жұмды

Фото: turkystan.kz

ERNUR.KZ. Атырау-Астрахань тасжолында жеңіл көлік аударылып, салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 26 тамыз күні сағат 05:30 шамасында Атырау-Астрахань тасжолының 721 шақырым тұсында болған.

"Toyota Ipsum маркалы автокөлік көлікті басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылып қалған. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тауып, 4 адам дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Полиция қызметкерлері азаматтарды алыс сапарға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жарамдылығын тексеруге шақырады. Сондай-ақ, жолда қырағылық танытуға, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланбауға, белгіленген жылдамдық режимін сақтау қажеттігі туралы да айтылды.