Атырау облысында ерте заманда өмір сүрген алып жануардың сүйегі табылды

0
819

Оның қандай жануар екенін енді ғалымдар анықтайтын болады.


Атырау облысында ерте заманда өмір сүрген алып жануардың сүйегі табылды

ERNUR.KZ. Тарихи олжаға Индер ауданының тұрғындары Жайық өзені бойынан кездейсоқ тап болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ортан жілігінің қазіргі салмағының 27 келіден асатын алып мақұлықтың қандай болғанын көзге елестетудің өзі қиын. Оның қандай жануар екенін енді ғалымдар анықтайтын болады. Жалпы Каспий маңы ойпаты, соның ішініде Жайық өзеннінің төменгі сағасында осындай олжалар көптеп кездеседі. Бұған дейін де археологтар мүйізтұмсықтың, мамонт пен динозаврдың сүйектерін тапқан болатын. Бірақ мынадай алып жілік алғаш рет шығып отыр.