Атырау облысының алты ауылын құм басты

0
593

Құм көшкінін тоқтатуға 115 млн теңге бөлінген.


Атырау облысының алты ауылын құм басты

ERNUR.KZ. Атырау облысында құм көшкінін тоқтату шараларына қазынадан 115 млн теңге бөлініп, 27 мың түп сексеуіл егілген, деп жазады stan.kz.

Құм көшкіні тұрғын үйлер мен қораларды басып жатыр. Бұған соңғы бес жылдағы құрғақшылық пен Каспий теңізінің тартылуы себеп болған.

Құм көшкінін тоқтатуға 115 млн теңге бөлінген. Алайда жұмыс шала істелінгендіктен, бюджет қаржысы желге ұшқан. Жергілікті билік енді жаңа жоба дайындап жатыр. Ал міндетіне салғырт қараған мердігерге соңғы мүмкіндік берілмек.

“Олар өздерінің кепілхаттарын бізге берді. Жасаймыз деген. Кешегі уақытта тағы да хат жолдадық. Олар күз айында жасаймыз деп өздерінің міндеттеріне алып отыр. Егер орындамаған жағдайда сотқа жүгінеміз”, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева.

“Қазір жобалау сметалық құжатын дайындап жатырмыз. Ауылдың ішіндегі құмдарды көлікпен, жүк көліктерімен далаға шығарады. Осы жұмыстармен айналысып жатырмыз. Игертпей жатыр”, – деді Исатай ауылының әкімі Аслан Ғұбаш.