Оқиға кезінде қыз бала қараусыз қалған.
ERNUR.KZ. Атырауда жаңа ұстарлық оқиға болды. Қаладағы орталық бассейнде 10 жастағы қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы жағдайға қатысты аймақтық ТЖД түсініктеме берді. Белгілі болғандай, оқиға кезінде қыз бала қараусыз қалған.
«14 шілде күні 17:15-те Атырау облысы ПД жедел кезекшісінен Атырау қаласы, С.Мұқанов көшесі, №5 үй мекенжайындағы «Мұнайшы» орталық бассейнінде еркін жүзу кезінде 2014 жылы туған Ш.Н. суға батып, қаза болғаны туралы ақпарат түсті», - деп хабарлады ТЖД.
Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындалды және кешенді тергеу жұмыстары жүргізілуде.