Атырауда 8 адам дүңгіршектен дөнер жеп уланды

0
493

Уланғандар арасында 1,5 жасар бала да бар.


Атырауда 8 адам дүңгіршектен дөнер жеп уланды

ERNUR.KZ. Атырауда 8 адам дүңгіршектен дөнер жеп уланып қалды, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, зардап шеккендердің бәрі (оның ішінде 1,5 жасар бала да бар) қазіргі кезде №2 облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар олардың жағдайын «орташа» деп бағалап отыр.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешованың айтуынша, жыл басынан бері өңірде тамақтан улану оқиғасы алғаш рет тіркеліп отыр.

«Зардап шеккендер С. Датов көшесінде орналасқан «Афиша» жеке дүңгіршегінде тауық етінен жасалған дөнер жеген. Аталмыш іс бойынша Атырау полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды», - деді Ә. Бекешова.

Атырау прокуратурасының мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі («Адамдардың жаппай улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама жұмыстары тағайындалды.